Әлем чемпионатында бақ сынаған 9 қызымыз бірде-бір жүлдені жеңе алмады

Әлем чемпионатында бақ сынаған 9 қызымыз бірде-бір жүлдені жеңе алмады

фото: uww.org

Күрестен Қазақстанның әйелдер құрамасы Загребтегі әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Мұны қабылдау өте қиын, бірақ шындық сол күйінде: Қазақстанның ең мықты балуандары Загребте өткен әлем чемпионатында өте сәтсіз өнер көрсетті. Бас бапкер Қайрат Сағадиевтің шәкірттерінің осы сәтсіз нәтижелеріне көз жүгіртіп көрелік:

  • 50 кг. Светлана Анкичева – алғашқы белдесуде ұтылды;.
  • 53 кг. Зейнеп Баянова – алғашқы белдесуде ұтылды;
  • 55 кг. Зульфия Яхъярова – алғашқы белдесуде ұтылды;
  • 57 кг. Лаура Әлмағанбетова – алғашқы белдесуде ұтылды;
  • 59 кг. Виктория Хусаинова – 1/8 финалда ұтылды;
  • 62 кг. Тыныс Дүбек – алғашқы белдесуде ұтылды;
  • 68 кг. Бейбіт Сейдуалы – алғашқы белдесуде ұтылды;
  • 72 кг. Жәмила Бақбергенова – алғашқы белдесуде ұтылды;
  • 76 кг. Эльмира Сыздықова – алғашқы белдесуде ұтылды.