фото: ашық дереккөзден
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова тағы да көпшіліктің назарын аударды, деп жазады ozgeris.info.
Бұл жолы ол әлеуметтік желідегі парақшасына түрік тілінде ән шырқаған бейнежазбасын жариялаған. Алайда, аталған видео көпшіліктің көңілінен шықпады. Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, Мөлдір Мұқанованың әрекетін сынға алған.
"Қорлады-ау түрік тілін", "Нешінші әні шатасып қалмайық", "Тұрсынбек баяғыда тастап кетуі керек еді", "Бір әнмен тоқтайсыз-ау", "Түрікше білмесем де акцент ұрып тұрғаны сезіліп тұр", "Жаңа тіл шыққан ба, түрікшеге мүлде ұқсамайды", "Не айтып жатқанын өзі де білмейтін шығар", – деді олар.
Видеоны осы сілтемеден көре аласыздар.