Қаралы хабар: Елге танымал футболшы жүрек талмасынан қайтыс болды (ФОТО)

Қаралы хабар: Елге танымал футболшы жүрек талмасынан қайтыс болды (ФОТО)

фото: pixabay.com

Сербия құрамасының 41 жастағы бұрынғы ойыншысы Деян Милованович ардагерлер арасындағы матч кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Сербия құрамасының аңызы гол соққаннан кейін бірнеше минуттан соң есінен танып қалған. Жедел жәрдем дәрігерлері барлық шараны қолданғанымен, оны аман алып қала алмады. Хабарламаға сәйкес, спортшыда "қосар инфаркт" болған.

Ардагерлер ойынында 41 жастағы футболшы "Црвена Звезда" сапында алаңға шыққан еді. Клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Миловановичтің жақындарына көңіл айту хабарламасы жарияланды.