"Шындық осы": Өзбек бапкері қазақтардың жеңісін төмендетіп тастады

"Шындық осы": Өзбек бапкері қазақтардың жеңісін төмендетіп тастады

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай

Бокстан Өзбекстан құрамасының бапкері Рахматжон Рузиохунов Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасының жетістігіне күмәнмен қарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Әлем чемпионатында 6 алтын медаль иеленіп, сіздерді басып озған – Өзбекстан. Оның үстіне, біздің 19 жастағы боксшымыз сіздердің Олимпиада жүлдегерлеріңізді жеңді. Қазақстандық блогерлер мен журналистердің еңбегін жоққа шығармаймын, бірақ шындық осы", – деп жазды ол Instagram-дағы сторизінде.

Айта кетейік, бұл біріншілікте Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алды. Жинаған ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстаннан кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Сонымен бірге Өзбекстанның ерлер құрамасы бірінші орынды иеленген.