фото: Фото ашық дереккөзден. Суретте: Ута Абэ
Ута Абэ – қазіргі дзюдо әлеміндегі ең жарқын есімдердің бірі. 2000 жылы 14 шілдеде Жапонияның Кобе қаласында дүниеге келген ол 24 жасында-ақ Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы атанып үлгерді. Дзюдодағы дара жолын ерте бастаған Ута бүгінде халықаралық аренада Жапонияның мақтанышы саналады.
Ең алғашқы жетістіктері
Ута дзюдоны алты жасынан бастап меңгере бастады. 2016 жылы небәрі 15 жасында Дюссельдорфтағы Гран-приді жеңіп, тарихтағы ең жас IJF жарысы жеңімпазы атанды. Бұл оның спорттағы жарқын болашағын айқындаған алғашқы қадам еді.
Әлемдік аренадағы жеңістер
- 2018 жылы Бакуде өткен Әлем чемпионатында 18 жасында әлемнің ең жас чемпиондарының бірі атанды.
- 2019 жылы Токиода алтын жүлдені еншіледі.
- 2022, 2023 және 2025 жылдары қатарынан әлем чемпионы атанып, жалпы саны 5 алтын медаль жеңіп алды.
Токио Олимпиадасы – биіктік шыңы
2020 жылғы Токио Олимпиадасында Ута өзінің шеберлігі мен төзімділігін дәлелдеп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Финалда Франциядан келген Амандин Бюшарды айқын басымдықпен жеңіп шықты.
Париждегі сәтсіздік және үлкен сабақ
2024 жылы Париж Олимпиадасында Ута Абэ үлкен сенсациямен жарыстың 1/16 кезеңінде Өзбекстандық Диёра Келдиёровадан ұтылып қалды. Бұл оның соңғы 47 жеңісінен кейінгі алғашқы жеңілісі еді. Жеңіліс сәтінде татамиде көз жасына ерік берген Утаның бұл сәті жанкүйерлерді де бейжай қалдырмады.
Қайта оралу және чемпиондық рух
Бар болғаны бір жылдан кейін, 2025 жылы Будапештте өткен Әлем чемпионатында Ута өзін қайта дәлелдеді. Финалда Косоволық Дзютодағы жұлдыз – Дистрия Красничиді жеңіп, алтын медальмен туған еліне оралды. Бұл оның дзюдоға деген сенімі мен табандылығының белгісі болды.
Отбасы және тұлғалық ерекшелігі
Ута – дзюдо жұлдызы Хифуми Абэнің қарындасы. Екеуі де дзюдоның халықаралық аренасында қатарынан әлемді мойындатқан спортшылар. Ута Кодокан жүйесі бойынша 5-дан иегері, әрі Жапон спорт университетінің түлегі.
Оның пір тұтатын тұлғасы – Тадахиро Номура, ал сүйікті әдісі – сэойнагэ.
Қорытынды
Ута Абэ – жеңісті де, жеңілісті де көтере білген, спорттық рухы мықты спортшы. Оның спорттағы жолы – табандылықтың, еңбекқорлықтың және рухани күштің жарқын үлгісі. Жанкүйерлер бұл ару дзюдошыны алдағы додаларда да көріп, жаңа жеңістерге куә болатынына сенеді.