"Қазақтарға қарсы қойса, 9:1 қып жеңер едік" – Өзбекстан бас бапкері

"Қазақтарға қарсы қойса, 9:1 қып жеңер едік" – Өзбекстан бас бапкері

фото: Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

Бокстан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, жеті алтын, бір күміс және екі қола жүлдеге ие болды. Ерлер құрамасының еншісінде төрт алтын бар, бұл – турнирдегі екінші нәтиже. Ерлер командалары арасында бірінші орынды алты алтын және бір күміс жүлдемен Өзбекстан құрамасы иеленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Sports.kz тілшісі Өзбекстан ерлер құрамасының бас бапкері Тулкин Киличевпен байланысып, 2025 жылғы әлем чемпионатындағы команданың өнеріне баға беруін сұрады.

– Ерлер құрамасының Ливерпульдегі әлем чемпионатындағы өнерін қалай бағалайсыз?
– Өте жақсы деп есептеймін. Егер 10 балдық жүйемен бағаласақ, "жетілік" дер едім. "Ондыққа" жету үшін барлық салмақ дәрежесінде жеңуіміз керек еді. 6 алтын және бір күміс – тарихи жетістік.
– Яғни ерлер құрамалары арасында Қазақстаннан тек басты жекпе-жекте ғана жеңілдіңіздер ме?
– Иә, іс жүзінде барлық жекпе-жекті ұттық. Қазір бізде Өзбекстан тарихындағы ең мықты жас құрамалардың бірі бар. Егер біздің құраманы кез келген командаға қарсы қойса, есеп кем дегенде 8:2 немесе 9:1 болар еді. Тек ауыр салмақтағы боксшымыз жеңілді, енді физикалық дайындыққа көбірек көңіл бөлуіміз керек.