фото: olympic.kz. Суретте: Айбек Оралбай
Британдық спорт шолушысы Тейлор О’Хиггинс Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы қазақ боксшыларының жеңісі туралы тосын пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
О’Хиггинс мысал ретінде Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың жекпе-жектеріндегі эпизодтарды келтірді.
Төрехан Сабырхан (Қазақстан) – Юсеф Ислам Яиш (Алжир) жекпе-жегінің бірінші және екінші раундтары
Сабырхан кездесуді белсенді бастап, қарсыласқа қысым көрсетуге тырысқанымен, неғұрлым таза әрі әсерлі соққыларды негізінен алжирлік боксшы жасады. Ол жиі Төрехан Сабырханға қарсы жиі соққы жасады. Соған қарамастан, төрешілер бірінші раундты күтпеген жерден 3:2 есебімен Сабырханға берді. Екінші раундта қазақ боксшысы шынымен де сәтті қимылдады, ал Яиш қарсы шабуылдарын жалғастырғанымен, төрешілердің бірінші раундтағы шешімін ескерсек, Сабырхан айқын басымдық алуы тиіс сияқты еді. Бірақ бұл жолы раунд Яишке 4:1 есебімен берілді. Бұл өте түсініксіз жағдай.
Айбек Оралбай (Қазақстан) – Хулио Сезар ла Крус (Куба) жекпе-жегінің үшінші раунды
World Boxing ережесіне сәйкес, 10:8 есебі айқын басымдыққа ие боксшыға беріледі. Бұл көп соққы дәл тиген жағдайда немесе нокдаун кезінде қойылады. Ла Крус жартылай финалдағы үшінші раундта дәл осылай жұдырықтасып, шаршаған Оралбайды қыспаққа алды. Кубалық боксшы ауыр әрі нақты соққыларын дарытты, ал қазақ боксшысы раундты әрең аяқтады. Бұл – 10:8 есебіне сай келетін классикалық мысалдардың бірі. Соған қарамастан, барлық төрешілер 10:9 қойып, раундты тең өтті деп бағалады. Ал Ливерпульдегі кейбір басқа раундтарда 10:8 қойылғанын ескерсек, ол жағдайлардың даулы болғанын көрдік. Сондықтан мұндай ережені қолданудағы екіұштылық ашу тудырады.
О’Хиггинстің пікірінше, бұл тек төрешілердің бағасы ғана. Төрешілердің ескертулері де бірізді болмады: кей жағдайда ұпайлар орынсыз алынып тасталды. Кей боксшылар болмашы қателіктер үшін жазаланса, басқалары үш минут бойы қарсыласын ашық ұстап тұрса да, ескерту де алмады. Бұған мысал ретінде Төрехан Сабырханмен финалда жұдырықтасқан Севон Окадзаваның бірінші раундтағы ескертуін айтуға болады.