Сәкен Бибосыновтың ұлттық құрамадағы болашағы жайлы күтпеген дерек шықты

Сәкен Бибосыновтың ұлттық құрамадағы болашағы жайлы күтпеген дерек шықты

фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Сәкен Бибосынов

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Сәкен Бибосыновтың болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Сәкен Бибосынов жақын арада Қазақстан чемпионатына қатысады. Қазіргі таңда оның салмағында құрамадағы бірінші нөмір – Махмұд Сабырхан, ал Сәкен Бибосынов екінші орында. Жалпы, бұл салмақ дәрежесінде елімізде мықты боксшылар өте көп", – деді маман.

Еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов – 2021 жылғы әлем чемпионы, 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.