фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Әлішер Ерғали
Загребтегі әлем чемпионатында еркін күрес шеберлері өз жорығын тәмамдады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ұлттық құрама сапынан сынға түскен балуандарымыздың тек екеуі ғана қола жүлдеге қол созды.
- 57 кг – Әділет Әлмұхамедов – бірінші кездесуде жеңілді;
- 61 кг – Асылжан Есенгелді – қола медаль иегері атанды;
- 65 кг – Начын Куулар – 1/8 финалда жеңілді;
- 70 кг – Нұрқожа Қайпанов – қола медаль иегері атанды;
- 74 кг – Әлібек Әбдіқасымов – бірінші кездесуде жеңілді;
- 79 кг – Болат Сақаев – бірінші кездесуде жеңілді;
- 86 кг – Азамат Дәулетбеков – ширек финалда жеңілді;
- 92 кг – Камиль Куруглиев – қола медаль үшін кездесуде жеңілді;
- 97 кг – Ризабек Айтмұхан – бірінші кездесуде жеңілді;
- 125 кг – Әлішер Ерғали – бірінші кездесуде жеңілді.
Әрине, әлі ұпай бойынша соңғы есеп жоқ, алайда еліміздің еркін күрес шеберлері бұл додада көңіл толарлықтай өнер көрсетпеді.