фото: kff.kz. Суретте: футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин Литва футболында ең жоғары жалақы алатын маман атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Баспасөз мәліметтері бойынша, 60 жастағы маман Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі ретінде аталады.
Ресми емес деректерге сәйкес, Чебурин айына 13-15 мың еуро (шамамен 9,5 млн теңге) көлемінде жалақы алып келген. Бұл А-Лигадағы ең жоғары еңбекақы болып саналады, яғни кез келген бапкер немесе футболшыдан көп.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Али Алиев айына кемінде 7 млн теңге алған.
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында ұлттық құрама үш матч өткізеді: Лихтенштейнге қарсы (10 қазан), Солтүстік Македонияға қарсы (13 қазан) және Бельгияға қарсы (15 қараша).
Айта кетейік, Қарағанды тумасы Чебурин "Жальгириспен" қыркүйек айында қоштасты. Соңғы төрт жылда ол клубты үш рет чемпиондыққа жетелеп, екі рет ел Кубогын жеңіп алған.