Қазақ балуаны жүлдеге бір қадам қалғанда, күтпеген нәтижеге тап болды

Қазақ балуаны жүлдеге бір қадам қалғанда, күтпеген нәтижеге тап болды

фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Камиль Куруглиев

Еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында қола медаль үшін белдесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Еске салсақ, Камиль Куруглиев 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бұған дейін ол екі қарсыласын жеңгенімен, ширек финалда сүрінді. Кейін оны тоқтатқан балуан финалға шыққандықтан, қазақстандық спортшы жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды.

Кеше Камиль Куруглиев италиялық Бен Хонисті тізе бүктіріп, қола үшін күресуге жолдама алған еді. Алайда шешуші белдесуде ирандық Амир Хоссейн Фирузпурдан мерзімінен бұрын жеңіліп, жүлдесіз қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге екі ғана қола медаль бар. Оларды Асылжан Есенгелді мен Нұрқожа Қайпанов еншілеген.