фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Аида Әбікеева
Yuz.uz басылымының журналисі Аблай Камалов Ливерпульде (Англия) өткен бокстан әлем чемпионатының соңғы күнін қорытындылай келе, өзбек боксшысы Навбахор Хамидованың қазақстандық Аида Әбікееваға финалда есе жібергенін атап өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Жалғыз финалға шыққан қыздар арасынан Навбахор Хамидова (-65 кг) өкінішті жағдайда Қазақстан өкілі Аида Әбікееваға жол берді. Әділқазылар шешімін талқылағымыз келмейді, бірақ келісіңіздерші: бірінші раундты Хамидова 3:2 есебімен, екінші раундты 4:1 есебімен жеңді. Алайда үшінші раундты Әбікеева 5:0 есебімен ұтқан соң, жалпы жеңісті оған берді. Бұл өте оғаш көрінеді", – делінген шолуда.