фото: olympic.kz. Суретте: Ризабек Айтмұхан
Қазақ файтері Шавкат Рахмонов пен DAR Team командасының жаттықтырушысы Эдуард Базров Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңілген қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Алғашқы белдесуде Ризабек ресейлік Магомед Курбановпен кездесіп, 4:5 есебімен ұтылып қалды.
"Курбанов – екі дүркін Еуропа чемпионы, ал Ризабек – әлем чемпионы. Мен белдесуге дейін де бапкерлерге айтқанмын: Ризабек оны жеңуі керек деп сенімді болдым. Шыны керек, Ризабектің Тажудиновпен кездесуін көргім келетін. Бұл екеуі – жас әрі өте перспективалы спортшылар. Дұрыс көзқарас пен сауатты дайындық болса, Ризабекті Лос-Анджелестегі Олимпиадаға керемет формада әзірлеуге болады. Оның барлық мүмкіндігі бар: күресті сезінуі жақсы, тактикалық тұрғыда сауатты, физикалық тұрғыдан мықты. Әрине, әлі де күш жинап, жетілдіру керек, бірақ әлеуеті зор. Ол қазірдің өзінде өз салмағындағы мықтылармен тайталаса алады – бұл факт. Алда көп жұмыс тұр, белгілі бір тұстарды түзету қажет", – деді Эдуард Базров.