фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай
Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов әлем чемпионатында қазақ боксшыларының аяғынан шалған төреші туралы жазды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Журналистің жазуынша, түрік төрешісі қазақ боксшыларының жекпе-жектерінде әділ шешім жасамаған.
"Аяқтан шалған төреші. Назым Қызайбайды ұтып тұрған жерінен барлық раундта тоғыз баллдан қойып, алтын жүлдесінен айырған түрік төреші осы. Аты-жөні – Davut Kanuni. Артынша Айбек Оралбайға да барлық раундқа тоғыз балл қойды. Инста аккаунты жоқ екен. Десе де осылай суретін салып қояйын. Білсін, қазақ елі бұндай қастандықты ұмытпайтынын. Түбі кездесеміз! Бетіне басамыз", – деп жазды Аслан Қаженов.
Ливерпульде (Англия) өткен World Boxing ұйымының әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті бірдей алтын медаль жеңіп алды.