фото: uww.org. Суретте: Камиль Куруглиев
Загребте (Хорватия) өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрес шебері Камиль Куруглиев жұбаныш белдесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
92 келіге дейінгі салмақта Камиль Куруглиев италиялық Бенджамин Хониспен кездесті. Тартысты белдесу 4:3 есебімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Осылайша ол турнирдің қола медалі үшін күресуге мүмкіндік алды.
Айта кетейік, Бенджамин Хонис – 2025 жылғы әлем чемпионатының екінші нөмірлі спортшысы әрі өз салмағы бойынша әлемдік рейтингте екінші орында тұр. Ал Камиль Куруглиевтің қоржынында жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия және әлем чемпионаттарындағы жүлделі орындар бар. Сондай-ақ ол 2024 жылғы әскери қызметшілер арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.