Ресми хабар: "Қайрат" – "Реал" матчының билеттері нешеден сатылады?

Ресми хабар: "Қайрат" – "Реал" матчының билеттері нешеден сатылады?

фото: Абай Жансарбаев / "Кайрат" ФК. Суретте: "Қайрат" футбол клубының ойыншылары

"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының билеттеріне қатысты ресми ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Алматылық клубтың мадридтік "Реалға" қарсы өтетін матчына билеттер 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де сатылымға шығады. Билеттің бағасы: 30 мың теңгеден – 250 мың теңгеге дейін болады.

Клубтың мәлімдеуінше, билет бағалары УЕФА-мен келісілген және жалпы кезеңдегі өз алаңында өтетін барлық матчқа бірдей белгіленген. Бұл баға саясаты турнирдің мәртебесін және ойындарға деген жоғары қызығушылықты көрсетеді.

Әр жанкүйерге тек екі билеттен ғана сатылмақ. Сатып алу кезінде ЖСН немесе паспорт деректері көрсетілуі қажет. Стадионға кірген кезде құжаттар мен билеттер мұқият тексеріледі.

Дәстүр бойынша билеттердің бір бөлігі әлеуметтік және клубтық квоталар бойынша бөлінеді:

  • "Қайрат" академиясының жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілеріне;
  • паралимпиадалық спорт түрлерінің спортшыларына;
  • "Қайрат" қызметкерлеріне.

"Билеттерді алдын ала сату немесе броньдау туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жанкүйерлерді бейресми арналарға сенбеуге және сатып алмауға шақырамыз", – деп ескертті клуб.