Головкин тарихи әлем чемпионатына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Головкин тарихи әлем чемпионатына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

фото: Ben McShane/Getty Images. Суретте: Геннадий Головкин

ҰОК президенті Геннадий Головкин Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing ұйымының тарихтағы алғашқы әлем чемпионатының қорытындысына орай әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"World Boxing ұйымдастырған алғашқы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Рақмет, Ливерпуль! Тарих жазылды. Барлық спортшыға осы күндерді жігерлендіретіндей еткені үшін алғыс айтамын. Бар күшін салған әрбір боксшымен мақтанамын. Бұл – тек бастамасы", – деп жазды Геннадий Головкин.

Айта кетейік, Геннадий Головкин World Boxing ұйымының олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарады.

2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанып, жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді.