Сүйінші! Олимпиада жүлдегері тағы бір мәрте әлемдік додада топ жарды

Сүйінші! Олимпиада жүлдегері тағы бір мәрте әлемдік додада топ жарды

фото: olympic.kz. Суретте: Нариман Құрбанов

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нариман Құрбанов Парижде өткен Челлендж кубогі кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақ спортшысы сенбі күні ат спорты снарядында финалға жолдама алса, жексенбіде жекелеген жаттығулар бойынша медальдар сарапқа салынды.

Нариман Құрбанов шешуші орындауда 15,066 ұпай жинап, 15 ұпайлық межеден асқан жалғыз спортшы атанды. Күміс медальді армян гимнасты Гамлет Манукян (14,800) еншілесе, үздік үштікті италиялық Габриэле Таргетта (14,733) түйіндеді.

Тағы бір қазақстандық Зейнолла Идрисов 14,633 ұпаймен төртінші орын алып, жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Қалған қазақстандық гимнастар өзге жаттығуларда финалға шыға алмады.

Бұл Нариман Құрбановтың биылғы маусымдағы Челлендж кубогіндегі алғашқы жеңісі. Еске салайық, осы жаттығу түрінде қазақстандық спортшы 2024 жылғы Париж Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған еді.