Қазақстан құрамасы алтын медаль саны бойынша Өзбекстанды басып озды

Қазақстан құрамасы алтын медаль саны бойынша Өзбекстанды басып озды

фото: instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Төрехан Сабырхан

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алты бірдей алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг) және Төрехан Сабырхан (70 кг) чемпион атанса, аләйелдер арасында Алуа Балқыбекова (51 кг), Аида Әбікеева (65 кг) және Наталья Богданова (70 кг) алтын жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы алтын медаль саны бойынша басты қарсыласы – Өзбекстаннан алға шықты. Қазіргі таңда өзбек боксшыларының еншісінде бес алтын бар. Олардан Абдумалик Халоков (60 кг), Асадхуджа Муйдинхуджаев (65 кг), Фазлиддин Эркинбоев (75 кг), Жавохир Умматалиев (80 кг) және Турабек Хабибуллаев (90 кг) әлем чемпионы атанған.