Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай тарихи жеңістен кейін әсерін бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Қуаныштымын. Не айтарымды білмей тұрмын! Ең алдымен қазақ еліне, әке-шешеме рақметімді айтқым келеді. Бапкерлеріме, осы жеңісіме қолдау білдірген жандарға алғыс айтамын. Қолдау күшті болды. Осыншама қазақ болады деп ойламадым. Шаршы алаңға шыққан бастап рухтанып кеттім", – деді Санжар Тәшкенбай.
Қазақ боксшысы Санжар Тәшкенбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында топ жарып, екі дүркін әлеп чемпионы атанды.