Қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан Испания өкілі Рафаэль Лосано Серраномен кездесу өткізді. Нәтижесінде Махмұд Сабырхан төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2023 Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған еді.
Осы әлем чемпионатында 50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Санжар Тәшкенбай чемпион атанса, 48 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Назым Қызайбай күміс жүлдені еншіледі.
Сондай-ақ бүгін тағы бес қазақстандық боксшы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді.