Қазақ қызы халықаралық жарыста топ жарып, тарихи жеңіске жетті

Қазақ қызы халықаралық жарыста топ жарып, тарихи жеңіске жетті

фото: ktf.kz

Қазақ теннисшісі Жібек Құламбаева Қытайдың Хужоу қаласында өткен WTA 125 сериясындағы турнирінде тарихи жеңіске жетіп, жұптық сайыста чемпион атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

25 жастағы спортшы словениялық Вероника Эрьявецпен бірге финалда жапондық жұп – Аяно Шимицу мен Момоко Кобориді бір сағаттан аса уақытта сенімді түрде жеңді. Есеп – 6:4, 6:2.

Айта кетейік, бұл Жібек Құламбаеваның WTA турнирлеріндегі жұптық разрядтағы алғашқы ірі титулы. Бұған дейін ол ITF сериясы аясында 35 трофей иеленген болатын.