Өзбектен оздық: Финалға шыққан боксшылар бойынша қай ел көш бастады?

Өзбектен оздық: Финалға шыққан боксшылар бойынша қай ел көш бастады?

фото: Нұрғали Жұмағазы. Суретте: Махмұд Сабырхан

Бүгін, 14 қыркүйекте Ливерпульдегі (Англия) бокстан әлем чемпионатында финалдық бәсекелер өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Финалдық кезеңде Қазақстан атынан 8 боксшы сынға түседі. Финалғда ерлер құрамасы сапынан Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (90+ кг), ал әйелдер құрамасы сапынан Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (70 кг) сынға түседі. 

Сондай-ақ бокстан Өзбекстан құрамасы сапынан финалда 8 былғары қолғап шебері сынға түседі. Ал бұдан кейін Бразилия боксшылары 4 спортшысымен финалда өнер көрсетеді.

  • Қазақстан – 8;
  • Өзбекстан – 8;
  • Бразилия – 4;
  • Үндістан – 3;
  • Польша – 3;
  • Түркия – 2;
  • Англия – 2;
  • Аустралия – 2;
  • Моңғолия – 1;
  • АҚШ – 1;
  • Тайпей – 1;
  • Испания – 1;
  • Ирландия – 1;
  • Франция – 1;
  • Жапония – 1;
  • Болгария – 1.