фото: instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Төрехан Сабырхан
Бүгін, 14 қыркүйекте Ливерпульдегі (Англия) әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Финалдық кезеңде Қазақстан атынан 8 боксшы сынға түседі. Финалғда ерлер құрамасы сапынан Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (90+ кг), ал әйелдер құрамасы сапынан Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (70 кг) сынға түседі.
Қазақстандық боксшылар қатысатын финалдық жекпе-жектердің тікелей эфирін "Qazaqstan" телеарнасынан көруге болады.
Жекпе-жектер кестесі (Астана уақыты бойынша):
- 16:00 Әйелдер. 48 кг. Назым Қызайбай – Минакши (Үндістан)
- 16:15 Ерлер. 50 кг. Санжар Тәшкенбай – Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)
- 16:45 Ерлер. 55 кг. Махмұд Сабырхан – Рафаэль Лосано Серрано (Испания)
- 22:00 Әйелдер. 51 кг. Алуа Балқыбекова – Бусеназ Чакыроглу (Түркия)
- 22:30 Әйелдер. 65 кг. Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
- 22:45 Ерлер. 70 кг. Төрехан Сабырхан – Севон Окадзава (Жапония)
- 23:00 Әйелдер. 70 кг. Наталья Богданова – Лекейша Перголити (Австралия)
- 23:45 Ерлер. 90+ кг. Айбек Оралбай – Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)