"Қыздар дәрі беріп, ұятсыз видео түсірмек болған": Ақнәр ісіндегі жаңа дерек анықталды

"Қыздар дәрі беріп, ұятсыз видео түсірмек болған": Ақнәр ісіндегі жаңа дерек анықталды

фото: Фото ашық дереккөзден

Журналист Жан Ахмадиев пен Қытайдан келген қандас Роза ханым Ақнәр Гүлстанның ісіне қатысты тың деректермен бөлісті. Аталған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Жаңа деректерге сүйенсек, бұл іске басты күдікті ретінде танылған Рано мен Дидар есімді екі қыз Ақнәрге қоздырғыш дәрі беріп, оны бейәдеп видеоға түсірмек болған. Бұл туралы ақпаратты sn.kz жазды.

📹 "Видеоға түсірмек болды": Дидар дәрі беріп, Рано видео түсіруге әрекет еткен

Роза ханымның айтуынша, Рано порнографиялық мазмұндағы заттарды сатумен айналысқан, ал Дидар болса Ақнәрға белгілі бір дәрілік зат берген. Осы дәрі арқылы олар оны үйіне келген жігітпен жақындастырып, артынша бейнежазба жасауды көздеген.

"Ақнәрдің терезеден секірмек болған видеосын көрдіңіздер ғой. Олар оған арақ ішті деді. Бірақ сараптама ішімдік анықтамады. Қоздырғыш зат берілгені белгілі болды", – дейді Роза.

🧪 Сараптама не дейді?

Қазіргі уақытта сараптамалық жұмыстар толық аяқталмаған. Алайда арақ немесе есірткі заты табылмағаны ресми түрде расталған. Қоздырғыш зат берілгені туралы дерек расталуға жақын. Тергеу жалғасып жатыр.