Алтын үшін айқас: Қазақ боксшылары финалда кіммен жұдырықтасады?

Алтын үшін айқас: Қазақ боксшылары финалда кіммен жұдырықтасады?

фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Айбек Оралбай

Бүгін, 14 қыркүйекте Ливерпульдегі (Англия) әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Финалдық кезеңде Қазақстан атынан 8 боксшы сынға түседі. Финалғда ерлер құрамасы сапынан Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (90+ кг), ал әйелдер құрамасы сапынан Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (70 кг) сынға түседі. 

Ерлер:

  • 50 кг: Санжар Тәшкенбай – Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)
  • 55 кг: Махмұд Сабырхан – Рафаэль Лосано Серрано (Испания)
  • 70 кг: Төрехан Сабырхан – Севон Окадзава (Жапония)
  • 90+ кг: Айбек Оралбай – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Әйелдер:

  • 48 кг: Назым Қызайбай – Минакши (Үндістан)
  • 51 кг: Алуа Балқыбекова – Бусеназ Чакыроғлу (Түркия)
  • 65 кг: Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
  • 70 кг: Наталья Богданова – Лекейша Перголити (Аустралия)