фото: видеодан скриншот
World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жеткен қазақ боксшысы Төрехан Сабырханды құттықтады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Геннадий Головкиннің жас қазақ боксшысымен кездесу сәтінен бейнежазба желіде тарады. Видеода Головкин Төрехан Сабырханды құшақтап, оның жетістігіне шын жүректен қуанды. Кейін ол жаттықтырушы Ильяс Оралбеков пен ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжановты да құттықтаған. Артынша Геннадий Головкин финалға шыққан боксшыға ұзақ уақыт бойы жігерлі кеңестер айтып тұрғанын көруге болады.
Жартылай финалда 75 келі салмақ дәрежесінде Сабырхан ағылшын боксшысы Одель Камараны төрешілердің шешімімен ұтты.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – әуесқой бокста жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы атанған тұңғыш спортшы.