Өнер әлемі қара жамылды: Елге танымал Халық әртісі көз жұмды (ФОТО)

Өнер әлемі қара жамылды: Елге танымал Халық әртісі көз жұмды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Әзербайжанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гаджи Мурад Ягизаров өмірден өтті.

86 жастағы өнер иесі ұзаққа созылған сырқатынан кейін бүгін Германияда көз жұмды.

Гаджи Мурад Гаджи Ахмед оғлы Ягизаров – Шемахы ханы Махмуд ағасының шөбересі. Ол 1939 жылы 18 шілдеде Бакуде дүниеге келген. Шығармашылық жолын мектеп кезінен бастаған, драма үйірмесіне қатысқан. Оның өнерін көрген атақты актер Алескер Алекберов жас жігітке Театр институтына түсуге кеңес берген.

1958-1962 жылдары Ягизаров М.А.Алиев атындағы Әзербайжан мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетінде Магеррам Гашимовтың курсында білім алды. 1962 жылдан бастап кәсіби еңбек жолын Самед Вургун атындағы Әзербайжан мемлекеттік орыс драма театрында бастады.

Гаджи Мурад Ягизаров әзербайжан кинематографиясында айрықша із қалдырды. Ол ұлттық киноның інжу-маржандары саналатын "Аршин мал алан", "Айгюн", "Дачный сезон", "Оңтүстіктегі бір қалада", "Үлкен тірек", "Жұлдыз", "Қиыр жағалауда" және басқа да танымал фильмдерде ұмытылмас бейнелер жасады.

Мәдениеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін 1982 жылы оған "Халық әртісі" құрметті атағы берілді, 1986 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, ол 2009 жылы "Шохрат", 2019 жылы "Шараф" ордендерімен марапатталған.

Admin
Admin
Автор