"Барыс" айқасып жүріп өз мұз айдынында күтпеген нәтижеге жетті

"Барыс" айқасып жүріп өз мұз айдынында күтпеген нәтижеге жетті

фото: "Барыс" хоккей клубы

Астаналық "Барыс" клубы өз мұз айдынында Минскінің "Динамосына" қарсы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бас бапкер Михаил Кравец мұз айдынына мына құрамды шығарды: Шутов (Шестаков) – Масси-Уолш, Галимов-Морелли-Веккионе; Королев-Бреус, Савицкий-Томпсон-Кайыржан; Бекетаев-Данияр, Асетов-Омирбеков-Колесников; Оразов, Симонов-Шайхмедденов-Мухаметов.

Бірінші кезеңде қонақтар басымдық танытты. Екінші кезеңде айқас болып, одан кейін Майкл Веккьоне есепті теңестіргенімен, көп ұзамай Андрей Шутов қақпасына екі шайба соғылды. Соңғы жиырма минутта минскіліктер басымдықты сақтап, жеңісті өз пайдасына шешті – 3:1.

Айта кетейік, келесі ойында "Барыс" 15 қыркүйекте Мәскеудің "Динамосын" қабылдайды.