"Тегін кірсін": "Қайрат" – "Реал" матчына қатысты маңызды хабар мәлім болды

"Тегін кірсін": "Қайрат" – "Реал" матчына қатысты маңызды хабар мәлім болды

фото: Арман Жақсығұлов. Суретте: "Қайрат" футбол клубы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Асхат Рахымжанов алдағы "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойынды барша жанкүйер үшін қолжетімді ету қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Саясаткердің айтуынша, матч билеттерінің бағасы шектен тыс қымбаттамауы тиіс. Ол бұл жағдайдың тек спорт емес, ел намысына да қатысты екенін атап өтті.

Рахымжанов билеттерді әділ бөлу үшін мемлекеттік органдардың араласуын маңызды деп санайды. Оның ойынша, алыпсатарлыққа жол бермей, әр адамға тек бір билеттен сату жүйесін енгізу қажет. Сондай-ақ, бұл бағытта құқық қорғау органдары мен жергілікті әкімдік те қолдау көрсетуі тиіс.

Ол шығындарды жабу үшін билет құнына символикалық баға қоюға болатынын, бірақ оның 10 мың теңгеден аспауы керектігін айтты. Ал балалардың ойынға тегін кіруі – ең әділ шешім деп есептейді.