Мамхұд Сабырхан әлем чемпионатының финалына еш қиналмай-ақ өтті

Мамхұд Сабырхан әлем чемпионатының финалына еш қиналмай-ақ өтті

фото: olympic.kz. Суретте: Махмұд Сабырхан

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жерлесіміз 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Лю Чуанмен (Қытай) қолғап түйістірді. Махмұд алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп тастады. Екінші және үшінші кезеңде де керемет бокс үлгісін көрсеткен отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Санжар Тәшкенбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті. Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында кубалық Алехандро Кларо Физбен өзара мықтыны анықтады. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.