фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Назым Қызайбай
Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай Өзбекстан өкілі Сабина Бобокуловамен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына жолдама алды және алтын медаль үшін шешуші жекпе-жекте бақ сынайды.