Ағайынды Сабырхандар шығады: Бүгін 6 қазақ жартылай финалда сынға түседі

Ағайынды Сабырхандар шығады: Бүгін 6 қазақ жартылай финалда сынға түседі

фото: ҰОК. Суретте: Махмұд Сабырхан

Бүгін, 13 қыркүйекте Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында (World Boxing) алты қазақ спортшысы жартылай финалдық бәсекелерін өткізеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақ боксшыларының жекпе-жектерін "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирден тамашалай аласыздар.

Жартылай финалдық жекпе-жектердің кестесі:

16:00 Әйелдер, 48 кг: Назым Қызайбай – Сабина Бобокулова (Өзбекстан)

17:30 Ерлер, 50 кг: Санжар Тәшкенбай – Алехандро Кларо Фис (Куба)

18:00 Ерлер, 55 кг: Махмұд Сабырхан – Чуан Лю (Қытай)

22:15 Әйелдер, 51 кг: Алуа Балқыбекова – Синью Ци (Қытай)

22:45 Ерлер, 75 кг: Төрехан Сабырхан – Одель Камара (Англия)

23:15 Әйелдер, 70 кг: Наталья Богданова – Шантель Рид (Англия)

Еске сала кетейік, Ливерпульдегі бұл дода ертең, 14 қыркүйекте аяқталады.