фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Аида Әбікеева
Қазақ боксшысы Аида Әбікеева Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Аида Әбікеева ирландиялық спортшы Грэйни Мэри Уолшпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Аида Әбікеева Қазақстан құрамасы сапында бұл әлем чемпионатының алғашқы финалисті атанып, енді алтын медаль үшін сынға түседі. Финалдық кездесу 14 қыркүйекте өтеді.