Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының жүлдегері атанып үлгерді (ВИДЕО)

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының жүлдегері атанып үлгерді (ВИДЕО)

фото: olympic.kz. Суретте: Санжар Тәшкенбай

Қазақ боксшысы Санжар Тәшкенбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Санжар Тәшкенбай жартылай финалда үнді спортшысы Джадумани Сингх Манденгбаммен кездесті. Нәтижесінде қазақ боксшысы 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай турнирдің жартылай финалисі атанып, кем дегенде қола медальге ие болуды қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген.