фото: Richard Pelham/Getty Images. Суретте: Назым Қызайбай
Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/4 финалдық кездесуде Назым Қызайбай украиналық Анна Охотамен күш сынасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті.
Осылайша, Назым Қызайбай әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола медальді еншілеп отыр.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – Париж Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы (2014, 2016, 2025) және 2021 жылғы Азия чемпионы.