Ұлттық құраманың келесі бапкері анықталды: Ол отандық маман емес

Ұлттық құраманың келесі бапкері анықталды: Ол отандық маман емес

фото: ANGELOS TZORTZINIS/AFP via Getty Images. Суретте: футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жаңа бас бапкерін іздеу барысы туралы мәлімет белгілі болды, деп Sportinside.kz тілшісі "Серый CARDINAL" Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚФФ 5-6 үміткерді қарастыруда. Сондай-ақ бұл біздің пайымымызша, келесі бапкер шетелдік маман болады", – делінген дереккөз хабарламасында.

Бұған дейін қазақстандық маман Әли Әлиевтің ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін отставкаға кеткенін жариялаған.

Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде небәрі үш ұпай бар – команда турнирлік кестеде J тобының төртінші орнында тұр. Қазіргі жағдай мынадай: Солтүстік Македония – 11 ұпай (5 матч), Бельгия – 10 ұпай (4 матч), Уэльс – 10 ұпай (5 матч), Қазақстан – 3 ұпай (5 матч), Лихтенштейн – 0 ұпай (5 матч).