Қуан, қазақ елі! Ұлттық құрама бұрын-соңды болмаған тарихты жасады

Қуан, қазақ елі! Ұлттық құрама бұрын-соңды болмаған тарихты жасады

фото: Дамир Серік / Қазақстан футзал қауымдастығы

Астана 2027 жылғы футзалдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Албания астанасы Тиранада Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Іс-шара аясында клубтық және халықаралық деңгейдегі финалдық матчтар мен турнирлерді қабылдайтын елдер таңдалды.

Осы орайда Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының 2027 жылы 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өтетін футзалдан жастар Еуропа чемпионатының финалдық турнирін өткізуге берген өтінімі қаралып, мақұлданды.

Шешуші кезеңде сегіз ұлттық құрама бақ сынайды. Солардың бірі ретінде Қазақстан құрамасы автоматты түрде, қожайын ел құқығымен, додаға қатысады.