фото: instagram.com/qaz_team_official. Суретте: Назым Қызайбай
Бүгін, 12 қыркүйекте Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында ел намысын алты боксшымыз қорғайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Олардың төртеуі жартылай финалдық кезеңде бақ сынаса, қалған екеуі осы кезеңге жолдама алу үшін жұдырықтасады. Қазақ жанкүйерлері жекпе-жектерді "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Жекпе-жек кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):
- 16:00 – A шаршы алаңы. Әйелдер. 48 кг. 1/4 финал. Назым Қызайбай – Анна Охота (Украина)
- 17:15 – A шаршы алаңы. Ерлер. 50 кг. 1/4 финал. Санжар Тәшкенбай – Джадумани Сингх Манденгбам (Үндістан)
- 19:00 – A шаршы алаңы. Әйелдер. 60 кг. Жартылай финал. Виктория Графеева – Ребека Де Лима Сантос (Бразилия)
- 22:30 – A шаршы алаңы. Әйелдер. 65 кг. Жартылай финал. Аида Әбікеева – Грэйни Мэри Уолш (Ирландия)
- 23:15 – A шаршы алаңы. Әйелдер. 80+ кг. Жартылай финал. Елдана Тәліпова – Агата Качмарска (Польша)
- 01:15 – A шаршы алаңы. Ерлер. 90+ кг. Жартылай финал. Айбек Оралбай – Хулио Сесар Ла Крус (Куба)