Сүйінші, ағайын! Бекзат Саттархановтың анасына пәтер кілті табысталды (ВИДЕО)

Сүйінші, ағайын! Бекзат Саттархановтың анасына пәтер кілті табысталды (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Бүгін қазақ боксының тарихында есімі алтын әріппен жазылған Бекзат Саттарханов жайлы жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтті. Іс-шара барысында Олимпиада чемпионының анасына баспана кілті табыс етілді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Жылқышы жылқы бақса – жылқы, қой бақса – қой сыйлайды. Біз қазір үй салып жатырмыз. Сол себепті апама бір үй сыйлағым келіп тұр", – деді Beles құрылыс компаниясының басшысы Махат Төреәлі.

Еске салайық, Түркістан қаласының тумасы Бекзат Саттарханов 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 57 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, Қазақстан тарихында боксшы ретінде тұңғыш Олимпиада чемпионы мәртебесін иеленген. Өкінішке қарай, чемпиондық жеңістен небәрі үш ай өткенде ол жол апатынан қаза тапқан еді.