фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Бибісара Асаубаева
Самарқандта өтіп жатқан әйелдер арасындағы халықаралық турнирдің 7-турында 21 жастағы қазақ гроссмейстер Бибісара Асаубаева румыниялық шахматшы Ирина Бульмаганы жеңді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жетінші тур нәтижелері:
- Екатерина Лагно (Ресей) – Антоанета Стефанова (Болгария) – 0,5:0,5
- Лея Гарифуллина (Ресей) – Карисса Йип (АҚШ) – 0:1
- Полина Шувалова (Ресей) – Нургюл Салимова (Болгария) – 0,5:0,5
- Александра Костенюк (Швейцария) – Харика Дронавалли (Үндістан) – 0,5:0,5
- Анна Шухман (Ресей) – Элина Даниелян (Армения) – 0:1
- Ольга Гиря (Ресей) – Ставрула Цолакида (Грекия) – 0,5:0,5
- Анна Музычук (Украина) – Александра Мальцевская (Польша) – 1:0
- Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – Ирина Бульмага (Румыния) – 1:0
Әйелдер арасындағы бұл турнирдің жалпы жүлде қоры – 230 мың АҚШ доллары. Оның 40 мың долларын чемпион атанған шахматшы алады.
Айта кетейік, осы турдың қорытындысы бойынша ресейлік шахматшылардың ешқайсысы жеңіске жете алмады.