фото: sportbugin.kz
World Boxing ұйымы ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырханның Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан алғашқы әлем чемпионатындағы айқастарына ерекше назар аударды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Махмұд Сабырхан бұл додада 55 кг салмақ дәрежесінде, ал оның інісі Төрехан 70 кг салмақта бақ сынауда.
World Boxing Events жазбасында былай делінген:
"Ағайынды Сабырхандар Англиядағы әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетіп жатыр. Екеуі де жартылай финалға шығып, кемінде қола медальді қанжығалады. Олар үшін мүмкін емес нәрсе жоқ».
Айта кетейік, Жартылай финалда Махмұд Сабырхан қытайлық Лю Чуанмен, ал Төрехан Сабырхан ағылшын Одель Камарамен қолғап түйістіреді. Екі жекпе-жек те 13 қыркүйекте өтеді.