Дэвис кубогы: Қазақ теннисшілері аса маңызды хабарға мәлім болды

Дэвис кубогы: Қазақ теннисшілері аса маңызды хабарға мәлім болды

фото: Қазақстан теннис федерациясы

Чхунчхонда Дэвис кубогының бірінші Әлемдік топ плей-офф кезеңіндегі Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы матчқа жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

12 қыркүйекте ойын күнін қазақстандық теннисші Александр Шевченко бастайды. Оның қарсыласы – оңтүстіккореялық Чон Хён. Екінші матчта Александр Бублик пен Квон Сун Ву кортқа шығады.

13 қыркүйекте жұптық кездесуде Бейбіт Жұқаев / Тимофей Скатов және Нам Чжи Сун / Пак Уй Сун дуэттері бақ сынайды. Кейін екі жеке матч жоспарланған: Александр Шевченко – Чон Хён; Александр Бублик – Квон Су Вон.

Кездесулер Songam Sport Town кешеніндегі хард кортта өтеді. Дэвис кубогының іріктеу ойындары төрт жеке және бір жұптық матчтан тұрады және үш сетке дейінгі форматта ұйымдастырылады.