"Ұнамайтын, Гүлзира не десе, соны жасадық": Сырым Исабаев бар шындықты айтты (ВИДЕО)

"Ұнамайтын, Гүлзира не десе, соны жасадық": Сырым Исабаев бар шындықты айтты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Әнші Сырым Исабаев белгілі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Қайрат Нұртаспен бірге шығармашылық жолды бастаған кезіндегі беймәлім жайттарды бөлісті.

Оның айтуынша, өнер жолындағы алғашқы мақсаттары – халыққа танылып, сүйікті әншілерге айналу болған.

"Әр тірліктің басы мен аяғы болады. Басында Қайрат екеуіміз бастағанда, мақсатымыз халыққа танылу болды. Менің таңдаған әнім Қайратқа, Қайраттың таңдаған әні маған ұнады. Бірақ уақыт өте келе екеуіміздің таңдаған әндеріміз бір бірімізге ұнамайтын кездер пайда бола бастады. Соның бәрі жүйелі түрде жүріп келіп, аяғында пікірлер өзгере бастады. Бұлай жалғаса берсе, ақыры ұрыспен бітеді. Мен ешнәрсені ұрыспен аяқтағым келмеді. Ол кезде мұның бәрін Гүлзира ханым басқарды. Сол не десе, соны жасадық" деді Сырым Исабаев.