фото: Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. Суретте: Жавохир Умматалиев
Өзбек боксшысы Жавохир Умматалиев жекпе-жектен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирге шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
10 қыркүйекте Жавохир Умматалиев 80 кг дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Оралбайды жеңген болатын. Осылайша, өзбек боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Осы жекпе-жектен кейін өзбек боксшысы TikTok желісіндегі парақшасында тікелей эфирге шықты. Тікелей эфир барысында ол Нұрбек, қазақ боксы, басқа да былғары қолғап шеберлері туралы пікірін білдірді.