фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Ертуған Зейнуллинов
Қазақ боксшысы Ертуған Зейнуллинов Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ертуған Зейнуллинов ширек финалда өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан (5:0) Асадхуджа Муйдинхуджаевқа берді.
Алайда жекпе-жек барысында Ертуған Зейнуллинов бірінші нөмірде өнер көрсетіп, қарсыласына қыспақ көрсетті. Тіпті екінші раундтың ортасында Асадхуджа Муйдинхуджаев қазақ боксшысын ережеге сай емес тәсілмен ұрып жіберді. Бұл әрекеті үшін боксшыға ескерту берілмеді.
Айта кетейік, Асадхуджа Муйдинхуджаев 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль еншіледі.