Қазақ боксшысы өзбекстандық Олимпиада чемпионына қарсы тұрды

Қазақ боксшысы өзбекстандық Олимпиада чемпионына қарсы тұрды

фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Бейбарыс Жексен

Қазақ боксшысы Бейбарыс Жексен Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бейбарыс Жексен ширек финалда өзбекстандық Абдумалик Халоковпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Бейбарыс Жексен қарсыласына 5:0 есебімен есе жіберді. Алайда жекпе-жек барысында өзбек боксшысының атақ-даңқына қарамай, қазақ жігіті мықты бәсекелес ретінде қарсылық танытты.

Айта кетейік, Абдумалик Халоков Париж Олимпиадасының чемпионы атанған. Ол 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені еншілесе, 2023 жылы Ташкентте өткен додада алтыннан алқа тақты.