"Аружан үйіме қонып жүрді": Талғарда кісі өліміне қатысты күдіктінің анасы шындықты айтты (ВИДЕО)

"Аружан үйіме қонып жүрді": Талғарда кісі өліміне қатысты күдіктінің анасы шындықты айтты (ВИДЕО)

фото: Видеодан скриншот

Талғар ауданында орын алған қанды оқиғаға байланысты күдіктінің анасы әлеуметтік желіде видеоүндеу жасады, деп жазады ozgeris.info.

Еске салсақ, өткен сенбі күні қаруланған бірнеше адам Талғарда екі жасар баланы алып қашып, дүкен маңында бір ер адамды атып өлтірген болатын.

"Мен Еламан Айғанизовтың анасымын. Менің ұлым қолымен істегенді мойнымен көтереді. Ел алдында, Алла алдында өз жазасын өтейді. Беттен алып, төстен шауып жатқан адамдардың ешқайсысы бұл жігіт неге олай істеді деп сұрап отырған жоқ. Менің балам өзімен-өзі мылтықты алып жүгіріп кетпейді. Жазбаған журналисім жоқ. Мені ешкім тыңдамай отыр. Шу шығарып отырған Аружаннан сұраңыз не үшін менің балам қонына мылтық алып үйіне барғанын. Аружан үйіме келіп, адал асымды ішіп, ақ орамалымды тағып қонып жүрген қыз. Еламанды мылтық алып бұндай күйге қалай жеткізгендеріңді айт. Шындықты айт, болмаса мен өзім айтамын", – дейді көзіне жас алған әйел.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар.

Admin
Admin
Автор