Ерке Есмахан қалай босанғанын баяндап берді

Ерке Есмахан қалай босанғанын баяндап берді

11 маусым – әнші Ерке Есмахан үшін өміріндегі ең маңызды күндердің бірі болды. Бұл күні ол үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Желіде бөліскен жазбасында Ерке 10 маусымнан бастап толғақтың басталғанын айтып, 11-і күні кешкі сағат 19:48-де ұлы Райымбекұлы Батырдың дүниеге келгенін хабарлады.

«Әкесі қуанышты хабармен сүйіншілетті. Қазір Аллаға шүкір, бәрі жақсы», – деп жазды Ерке.

Сол күні шоу-бизнес өкілдерінің көпшілігі Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойында жүрген. Алайда Ерке өзі дүниеге сәби әкеліп жатқан сәтте тойға бара алмағанын айтып, онлайн режимде тамашалағанын жеткізді.

«Сәкен аға – Динара жеңге, тойдан сарқыт күтеді емізулі Ерке», – деп әзілмен жазған әнші сарқыттан үмітті екенін де жасырмады.

Өз кезегінде Сәкен Майғазиев жаңа босанған әншіні құттықтап, жылы лебізін білдірді.