"Барыс" төбелесіп жүріп, 7 минуттың ішінде ел күтпеген нәтижеге жетті

"Барыс" төбелесіп жүріп, 7 минуттың ішінде ел күтпеген нәтижеге жетті

фото: "Барыс" хоккей клубы

Астаналық "Барыс" Хабаровскінің "Амур" клубына қарсы Құрлықтық хоккей лигасы аясында өз мұз айдынында кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бас бапкер Михаил Кравец мұз айдынға келесі құрамды шығарды: Шутов (Шестаков) – Масси-Уолш, Галимов-Морелли-Веккионе; Королев-Бреус, Савицкий-Томпсон-Кайыржан; Бекетаев-Данияр, Асетов-Өмірбеков-Оспанов; Оразов, Симонов-Шайхмедденов-Мухаметов.

Бірінші кезеңнің соңында қонақтар есеп ашты, ал екінші кезеңнің басында артықшылықтарын еселей түсті. Осыдан кейін алаңда жанжал мен төбелес орын алды. Дәл осы сәттен соң жеті минут ішінде Райли Уолш, Кирилл Савицкий және Эмиль Галимов мергендік танытып, "Барысты" алға шығарды.

Алайда соңғы жиырма минутта "Амур" таразы басын теңестіріп, ойынды овертаймға жеткізді. Шешуші сәт буллит сериясында анықталды – онда "Барыс" жеңісті жұлып алды.

13 қыркүйекте "Барыс" өз мұз айдынында Минскінің "Динамо" клубын қабылдайды.